Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге “синтетик” тәркіленді

Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгеге “синтетик” тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 12 наурызда сағат 09.35-те Павлодар қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері ауқымды операция жүргізді.

Нәтижесінде Павлодар қаласында орналасқан жасырын орнынан алынған бір келіден астам синтетикалық есірткі заттарын өткізу әрекеті кезінде есірткі курьері ұсталды.

– Ұсталған азамат еліміздің оңтүстік өңірінің 24 жастағы тұрғыны, Павлодар облысындағы ірі есірткі құралдарын жеткізушілердің бірі болып шықты, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру