Павлодар облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды
Павлодар облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі рейд барысында патрульдік полиция қызметкерлері Jaecoo J7 автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушіден өткір алкоголь иісі сезілген. Медициналық сараптама оның жеңіл дәрежеде мас екендігін растады.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері 2025 жылдың қазан айында аталған азаматтың көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Алайда жүргізуші тиісті қорытынды жасамай, қайтадан мас күйінде рульге отырған.
Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты полиция тексеріс жүргізуде, ал автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД қызметкерлері.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік тізгініне отырмауға шақырады. Мұндай әрекеттер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Заң мен тәртіп қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін сөзсіз жауап береді.
https://youtube.com/shorts/J1sF-C9IQ_g?si=h5_c3E34BWRarYTs
