Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында колонияға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды

Павлодар облысында колонияға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №45 мекемесі қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге бағытталған әрекетті болдырмай, оның жолын кесті.

Оперативтік ақпаратты жүзеге асыру барысында қысқа мерзімді кездесуіне келген азаматты тексеру кезінде, оның сотталғанға тапсырмақ болған өнімдерінің арасында күдік тудырған орама анықталды.

Тексеру барысында құрғақ жемістер – құрма  ішіне жасырынған, май тәрізді заты бар пластикалық пробиркалар табылды. Алынған заттардың алдын ала болжам бойынша есірткі құралдарына жататын гашиш майы екені анықталды.

Тыйым салынған заттар белгіленген тәртіппен тәркіленді. Материалдар әрі қарай тергеу жүргізу үшін құзырлы органдарға жолданды.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті колонияларға тыйым салынған заттарды өткізуге бағытталған кез келген әрекет дереу тоқтатылатынын және кінәлі азаматтардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру