Павлодар облысында коменданттық сағат жағдайын бұзған 479 азамат ұсталды
Павлодар облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Аймақта жағдай тұрақты және құқық қорғау органдарының бақылауында, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыста сағат 23.00-ден бастап 07.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Барлық қабылданған шаралар қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа жол бермеу мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Төтенше жағдай кезінде бейбіт жиындар, ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Полиция департаменті жеке құрамының қызмет өткерудің ерекше режимінде жұмыс істеуде. Блокпосттар қойылған, облысқа кіру мен шығу шектелген.
Қоғамдық тәртіпті, халық тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік стратегиялық объектілерді күзету күшейтілді. Қала сыртындағы трассаларды полиция қызметкерлері патруль қызметінде. Облыс орталығының периметрі бойынша блокпосттар қойылған, облысқа кіру мен шығу шектелген. Қоғамдық тәртіпті, халық тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды мемлекеттік стратегиялық объектілерді күзету күшейтілді. Қала сыртындағы трассаларды полиция қызметкерлері бақылауына алды.
Елі тәуліктің ішінде коменданттық сағат жағдайын бұзған 479 адам мен 242 автокөлік ұсталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Автокөліктер мамандандырылған айыппұл тұрақтарына қойылды.
Блок-посттар арқылы 18 670 автоқөлік және 30 725 азамат өтті. Жүріп-тұруға рұқсат болмағандықтан, 417 автокөлік мен 1 044 азаматқа кіріп-шығуға рұқсат етілмеді.
Павлодар облысының комендатурасы қала тұрғындарынан төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтауды, қатты қажеттілік болмаса өз тұрғын үйлерінен шықпауды, сырттан келген провакацияларға берілмеуді және тек ресми көздерден шыққан ақпараттарға сенім артуды сұрайды.