Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында кюветке шығып кеткен автокөлік эвакуацияланды

Павлодар облысында кюветке шығып кеткен автокөлік эвакуацияланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуірде сағат 17.10 шамасында МАЭС 2-Екібастұз автожолының 22/5 шақырымында Audi-80 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі маневрді орындау кезінде басып озу қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, апаттық жағдай жасады. Аталған көліктің салдарын болдырмау үшін Mitsubishi Outlander автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі кюветке шығып кеткен.

Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Кюветке шығып кеткен автокөлік эвакуацияланды. Audi автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Полиция жылдың басынан бері көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, адамдардың денсаулығына зиян келтіргені, көлік құралдарының немесе басқа мүліктің бүлінгені үшін 310 жүргізуші жауапқа тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру