Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында лицензиясы жоқ дүкен алкоголь сатты

Павлодар облысында лицензиясы жоқ дүкен алкоголь сатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының аумағында «Салауатты қала» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

– Тек бір тәулік ішінде полицейлер 58 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 35 адам спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін, алкоголь өнімін сатудың екі фактісі, автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін үш жүргізуші ұсталды, – деді Павлодар қаласының жергілікті полиция бастығы Арман Каптаев.

Мысалы, сағат 10:48-де Кенжекөл ауылының дүкендерінің бірінде сатушы сыйымдылығы 0,5 л. «Родная степь» маркалы арақ бөтелкесін 700 теңгеге сатты, оның спирттық үлесі 40%-ды құрайды. Аталған факті бойынша кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Басқа жағдайда, сағат 23:00-де Ак.Шөкин көшесі 3/1 көшесіндегі барда алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу қызметіне лицензиясыз алкоголь өнімін заңсыз сату фактісі анықталды. Аталған факті бойынша бар иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 463-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру