Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Павлодар облысында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында құрамында 10 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.
– Әр топ мүшесі белгілі жұмысты атқарды, яғни рөлі болды: бірі ұрылар, екіншісі сатушылар, қажетті құжаттарды жинағандардар бар, сонымен қатар топ құрамына ветеринарлар да кірді. Қазіргі уақытта қылмыстық топқа бірқатар мал ұрлығы мен оны сату бойынша айып тағылды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция күдіктілердің Екібастұз қаласында ұсталғанын атап өтті. Тексеру барысында ВАЗ 21099 маркалы автокөліктен сиыр етінің бір ұшасы, металл электронды таразы, ал Audi маркалы автокөліктен ветеринариялық анықтамалар алынды.
– Қаскүнемдер келесі схема бойынша әрекет етті: аптасына бір рет, демалыс күндеріне жақын Екібастұз ауданының ірі шаруа қожалықтарының бірінен екі бас ірі қара малды ұрлап, содан кейін демалыс күндері қала базарларында және үйде ет өнімдерін сатқан. Анықталғандай, күдіктілер бұрын ет өнімдерін сатумен айналысқан, тұрақты клиенттері болған, сондықтан олардың етті өткізуі азаматтарда күдік тудырмаған, – деді Нұрлан Мәсімов.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар Екібастұз қаласының УҰИ-не қамалды.
Бұдан басқа, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде күдіктілердің ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы анықталады.