Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Павлодар облысында мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Мал ұрлаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Ертіс ауданында полицейлер мал ұрлығының, заңсыз тасымалдаудың және мал жаю қағидаларын бұзудың алдын алу, сондай-ақ қараусыз жүрген малды анықтау мақсатында жергілікті рейдтік тексерулер жүргізуде.

Аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу, қараусыз жүрген жануарларды анықтау және мал иелеріне малды күтіп-бағу талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын тікелей жергілікті жерде жүргізіп жатыр. Сонымен қатар аудан аумағындағы автожолдарда жедел әрекет ету топтары күнделікті патрульдеу қызметін атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударуда.

Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғабит Мұқановтың айтуынша, бұл шаралардың негізгі мақсаты — мал ұрлығының алдын алу, құқықтық тәртіпті сақтау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Рейдтік іс-шаралар барысында учаскелік полиция инспекторлары малға қатысты құжаттардың заңдылығын тексеріп, малды жаю жағдайына бақылау жүргізуде. Сонымен қатар тұрғындарға малды заң талаптарына сәйкес ұстау және тасымалдау тәртібі түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілуде.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді жағдайлар мен құқыққа қайшы әрекеттер туралы дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайтуға және мал ұрлығының алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру