Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Павлодар облысында мал ұрлығының алдын алуға бағытталған "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында өңір полицейлері мал және ет өнімдерін тасымалдаған 113 автокөлікті, 65 өткізу орнын және 157 шаруа қожалығын тексерді.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов хабарлады.

— "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында павлодарлық полицейлер мал және ет өнімдерін тасымалдаған 113 автокөлікті, мал және ет өнімдерін өткізудің 65 орнын, сондай-ақ 157 шаруа қожалығын тексерді, — деді ол.

Өткізіліп жатқан іс-шара өңірдегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын бақылауға бағытталған.

Полицейлер құжаттардың дұрыстығын, малдың сәйкестендірілуін, тасымалдау кезінде заң талаптарының орындалуын жіті тексерді. Әсіресе мал өнімдерін заңсыз өткізу және ұрланған малды тасымалдау деректерінің алдын алу басты назарда болды.

Тәртіп сақшылары мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Талдау көрсеткендей, ұрлық фактілерінің басым бөлігі қараусыз жайылған және тиісті түрде сәйкестендірілмеген малға қатысты тіркеледі.

Осыған байланысты полиция:

  • малды қараусыз қалдырмауға;

  • міндетті түрде сырғалау және тіркеу рәсімдерін жүргізуге;

  • қора-жайды жарықтандыру және бейнебақылау құралдарымен жабдықтауға;

  • күмәнді жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға кеңес береді.

Мал ұрлығына қарсы күрес - тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Алдын алу шаралары жүйелі түрде жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру