Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас ауыл тұрғыны 20 тәулікке қамауға алынды

Павлодар облысында мас ауыл тұрғыны 20 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусымда полицияға «Мас күйдегі 53 жастағы ауыл тұрғыны дүкен сатушысымен жанжалдасып, өтіп бара жатқан адамдардан ішімдікке ақша сұрап жүр» деген қоңырау түсті.

– Келген учаскелік полиция инспекторы ер адамның мұндай құқық бұзушылықты бірінші рет жасамағанын анықтады. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі, 434-бабының 2-бөлігі, 449-бабының 2-бөлігі бойынша үш әкімшілік материал жасалды, материалдар сотта қаралды. Оның шешімі бойынша ауыл тұрғыны 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Тәжірибе көрсеткендей, құқық бұзушылықтардың көпшілігі алкогольдің әсерінен жасалады. Бұл факт басқа адамдарға қоғамдық орындарда мұндай бұзушылықтар жасауға жол берілмейтіні және олар жазасыз қалмайтындығы туралы мысал бола алады деген ойда полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру