Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас ер адам аялдамада ұйықтап қалған

Павлодар облысында мас ер адам аялдамада ұйықтап қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ойын алаңдары, саябақтар, аулалар және тіпті үйлердің кіреберістері жалпыға ортақ саналады, алайда кейбір азаматтар бұл орындарды мас күйінде жиналу үшін пайдаланады, бұл тұрғындарға қолайсыздық тудырады.

– Бұл бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алкогольді ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде пайда болу – ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі. Осыған байланысты полицейлер үнемі рейдтік, профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар көшеде нөлден төмен температурада мас болған азаматтар аязда қатып қалуы мүмкін екенін ұмытпаңыз, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері құқықтық тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда мас күйінде болған, сыртқы келбеті өтіп бара жатқан адамдарға үрей туғызған 8908 азаматтың жолын кесті. Полиция Павлодар қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізудің бір тәулігінде ғана 43 азамат ұсталып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына (медициналық айықтырғыш) орналастырылғанын атап өтті.

Мысалы, 20 қарашада кешкілік уақытта Ак.Шоқин-Назарбаев көшелерінің қиылысында аялдама павильонында орындықта ұйықтап жатқан ер адамды байқады, бұл ретте ол қатты мас күйде болды. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары бұл азаматты УҰИ-ға орналастырды, мас күйінен айыққаннан кейін ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру