Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды
Павлодар облысында мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол жүру ережелерін сақтамау, атап айтқанда көлікті мас күйде басқару, қауіпсіздік белдігін тақпау және рөлде отырып ұялы телефон пайдалану ауыр салдарға, тіпті қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Ертіс ауылында полиция қызметкерлері Toyota автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 38 жастағы ер адам болған. Әңгіме барысында одан алкоголь иісі сезілген.
– Медициналық сараптама нәтижесіне сәйкес, жүргізуші расында мас күйінде болған. Ол рөлге отырар алдында алкоголь ішкенін мойындаған, – деді Ертіс ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары Нұрғиса Зупашев.
Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Полиция мас күйде көлік жүргізу – бұл тек өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіретін қылмыс екенін ескертеді.
