Павлодар облысында мас күйде көлік жүргізген жүргізуші анықталды
Павлодар облысында мас күйде көлік жүргізген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мас күйінде жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші тағы да көлік жүргізді. Жол апаттарының жоғары болуының негізгі себептері – жол жүру ережелерін сақтамау ғана емес, сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізу.
– Мысалы, Павлодар қаласында Н. Назарбаев көшесіндегі үйдің ауласында полиция қызметкерлері Mersedes автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші мас күйінде деп күдіктенді. Олардың күдіктерін медициналық куәландыру нәтижелері растады. Нәтижелерге сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған. Деректер базасын тексеру кезінде ер адамның 2023 жылдың сәуірінде жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Ұсталғандарға қатысты тексеру жүргізілуде, көлік коммуналдық тұраққа қойылды, – деді Павлодар қ.ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.
Әркім өзінің жақындарын, туыстарын, таныстарын ойлап, тоқтауы керек, көлік құралын мас күйінде жүргізуге жол бермеуі керек. Сондай-ақ мас жүргізуші туралы полицияға хабарлаңыз! Көлік жүргізу кезінде ішімдікке қарсы күреске қосылыңыз, бей-жай қарамаңыз! Мас күйінде көлік жүргізетін адамдар туралы ақпаратты полицияға «102» телефоны арқылы хабарлауға болады.