Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде мотоцикл басқарған азамат жауапқа тартылды

Павлодар облысында мас күйде мотоцикл басқарған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 мамырда Тереңкөл ауданы ауылдарының бірінде полицейлер медициналық куәландыру қорытындысы бойынша мотоциклді мас күйінде жүргізген ауыл тұрғынын ұстады.

– Тексеру барысында ер адамның бұрын жүргізуші куәлігінсіз алкогольдік мас күйінде көлік құралымен жүргені үшін жауапқа тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда ауыл тұрғыны осындай бұзушылыққа жол берді. Мотоцикл айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, оның шешімімен ұсталған адам 30 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, – деді Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Марат Самаров.

Полицейлер мотоцикл жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және рұқсат етілген ең жоғары жылдамдықтан сәл асып кету жүргізушінің өзіне де, жол қозғалысының қалған мүшелеріне де өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретінін еске салады. Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының талаптарына сәйкес, көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 500-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір бұзушы қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру