Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйде мотоцикл жүргізген тұрғын ұсталды

Павлодар облысында мас күйде мотоцикл жүргізген тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Павлодар облысына қарасты Ертіс ауылында мотоцикл жүргізушісін тоқтатты. Тәртіп сақшылары тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісін сезген.

Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Төлеген Алпысбаевтың айтуынша, медициналық сараптама жүргізушінің мас күйде болғанын растады. 22 жастағы мотоцикл басқарған азаматтың жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешімімен ауыл тұрғыны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полицейлер азаматтарға мас күйде көлік жүргізу өмірге қауіп төндіретінін және бұл үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

"Заң мен тәртіп" қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі. Ереже бұзған әр азамат өз әрекеттері үшін сөзсіз жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру