Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған ауыл тұрғыны жазаланды

Павлодар облысының Тереңкөл ауданында мас күйінде көлік басқарғаны үшін ауыл тұрғыны жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамызда сағат 04:00 шамасында патрульдеу барысында полицейлер ГАЗ 3307 автокөлігін тоқтатты.

– Көлікті көлік құралдарын басқару құқығы жоқ аудан тұрғыны басқарғаны анықталды. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Тексеру полицейлердің болжамын растады, жүргізуші шынымен мас болған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деп хабарлады Тереңкөл аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Асылбеков.

Тереңкөл аудандық сотымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 608-бабының 6-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде жазаға тартылды.

Айта кету керек, Тереңкөл ауданының полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың басынан бері 29 мас жүргізушіні анықтады, барлығы жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру