Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер ұсталды

Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресті жалғастырып, "Заң және тәртіп" қағидатын нығайту бағытында жұмыстарын жүргізуде.

Павлодар қаласында Астана көшесіндегі бір үйдің жанында полицейлер Ақсу қаласының 43 жастағы тұрғынының Toyota Avalon  автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің мас екендігіне күдік туып, медициналық тексеру нәтижелерімен расталды. Анықталғандай ол есірткіден мас болған. Сонымен қатар 2024 жылдың желтоқсанында бұл жүргізуші полиция назарынан тыс қалмаған және сот оны 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырған.

Тағы бір жағдайда Павлодар қаласында Mersedes-Benz көлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Бұл факт медициналық қорытындымен расталды. Бұдан бұрын 2021 жылдың тамызында, ол тағы да мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылған болатын, алайда ол осыған қарамастан көлік жүргізуді тоқтатқан жоқ.

Екібастұз қаласында Энергетиктер мен Кеншілер көшелерінің қиылысында, тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген 34 жастағы Екібастұз тұрғынын ұстады. Ол Audu В4  автокөлігін басқарған. Бұрын бұл адам жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған, сондықтан оның жүргізуші куәлігі 2031 жылдың мамырына дейін жарамсыз болған. Барлық көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды, және тексеру жұмыстары жалғасуда.

Мас күйінде көлік жүргізу – тек заң бұзушылық қана емес, ол жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін үлкен қауіп тудырады және қайғылы жол апаттарына әкелуі мүмкін. Құқық қорғау органдарының басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған жұмысын жалғастыру.

"Заң және тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының жұмысының негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін заң алдында жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру