Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас күйінде жасалған қылмыстар 51%-ға төмендеді

Павлодар облысында мас күйінде жасалған қылмыстар 51%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алкогольді шектен тыс ішуден туындаған азаматтардың әлеуметтік мінез-құлқының алдын алу – полиция органдары қызметіндегі жұмыстың басым бағыттарының бірі.

– Биыл алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарда жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша 300-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Қайрат Сатыбаев.

Спикер атап өткендей, Павлодар облысының аумағында қабылданған шаралардың нәтижесінде мас күйінде жасалған қылмыстардың 51%-ға төмендегені байқалады. Қылмыстың осы түрінің алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу. Тек ағымдағы жылдың өзінде алкоголизм мен нашақорлықтан зардап шегетін тоғыз адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Күн сайын полиция Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына жеткізілетін масаң күйдегі адамдарды және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды іріктеуді жүзеге асырады.

Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 3 мыңға жуық адам УБДО-ға жеткізілді.

– Агрессияның ең көп таралған және әлеуметтік қауіпті түрлерінің бірі болып табылатын отбасындағы зорлық-зомбылық қоғам мен құқық қорғау органдарының назарын аударуда. Ағымдағы жылы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 350 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына 26 ерекше талап қойылды, оның ішінде 21 адамға алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынды, – деп атап өтті Қайрат Сатыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру