Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас скутерші автотұрақта тұрған көлікті соғып кеткен

Павлодар облысында мас скутерші автотұрақта тұрған көлікті соғып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Успен ауданындағы ауылдардың бірінде Екібастұз қаласының тұрғыны алкогольдік мас күйде скутерді басқара отырып, автотұрақта тұрған Lexus RX300 көлігін соғып кеткен. Скутердің жүргізушісі жол апаты болған орыннан қашып кетті, бірақ ол алысқа кете алмады. Ер адамды полиция қызметкерлері ұстап алып, медициналық куәландыруға жіберді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші «орташа дәрежеде» алкогольдік масаң күйде болған.

Сондай-ақ полиция скутерді тексерген кезде скутердің қозғалтқыш көлемі 49,9 текше см екендігі анықталды және жылдамдығы сағатына 90 км-ге дейін жетеді. Сағатына 50 км-ден астам жылдамдықты дамытатын мотоциклді басқару кезінде жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, қозғалтқыш көлемінің шамасына қарамастан, жүргізушіде «A1» жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Осы бұзушылықтар үшін ер адам бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі және 611-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Успен аудандық соты жүргізушіге көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адамның жол-көлік оқиғасы болған жерден кеткені үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды, – деп хабарлады Успен ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Ашренов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру