Павлодар облысында мас жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
Павлодар облысында ювеналды полицейлер жастармен үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу қаласында патрульдік қызмет барысында полицейлер жағалауда кәмелетке толмаған жастарды байқады, олар бір нәрсені қызықтап талқылап тұрды. Жақындап келгенде олардың қолдарында қоғамдық орында ішкен алкогольдік сусындар болды. Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізіліп, заңды өкілдері шақырылды. Қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Тәртіп сақшылары ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларының уақытын және қарым-қатынас шеңберін бақылауды, олардың тәрбиесіне белсенді қатысуды сұрайды.
«Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.