Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізуші анықталды

Павлодар облысында мас жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауданда жыл басынан бері 350-ден астам ЖЖЕ бұзу фактілері тіркелді. Алайда бұл статистика заңды елемей, жолда ереже бұзуға әуес жүргізушілерді тоқтатпайды.

- Есіңізде болсын, жол тәуекелге баратын орын емес. Мас күйінде көлік жүргізу - бұл жүргізуші үшін де, басқа қатысушылар үшін де ауыр зардаптарға әкелетін қауіп. Осы жылы Ертіс полицейлері мас күйде көлік жүргізгені үшін 14 фактінің жолын кесті, тағы 57 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпады, ал 24 жүргізуші құжатсыз көлік құралдарын жүргізді, - деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрғиса Зупашев.

Мысалы, Бөгенбай батыр көшесінде полицейлер мотоцикл көлігін тоқтатты. Жүргізушімен сөйлескен кезде алкогольдің өткір иісі шықты. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші мас күйде болған. Бұл ретте ер адамның көлік құралдарын жүргізуге құқығы болмады. Осы бұзушылықтар үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру