Павлодар облысында масаң күйде көлік тізгіндеген екі жүргізуші ұсталды
Павлодар облысында масаң күйде көлік тізгіндеген екі жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында жыл басынан көлік құралын алкогольдік және есірткілік мас күйінде жүргізгені үшін 1400-ден астам адам ұсталды.
Мысалы, сағат 00:50-де Павлодар қаласының Ткачев көшесіндегі үйдің ауласында патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі басқару кезінде өзіне де, басқа адамдарға да қауіп төндіретін оғаш маневрлер жасады.
Әңгіме барысында полицейлер оның мас екенін түсінді. Медициналық куәландыру бұл болжамды растады. Ер адам полицейлермен кездесуді күтпегенін айтты және аздап оғаш маневрлеу жасауды шешті. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнайы айыппұл тұрағына жіберілді.
Тағы бір жағдай Екібастұзда орын алды. Жүргізуші мас күйінде полицейлерге түсуден қорыққандықтан, өте баяу жүруді ұйғарған. Бірақ сағат 03:20-да жол бойында әрең келе жатқан көлік тәртіп сақшыларының назарына бірден түсті. Медициналық куәландырудан кейін 26 жастағы жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның ВАЗ-2107 көлігі айыппұл тұрағына қойылды.