Павлодар облысында медбикеге дөрекілік танытқан тұрғын жазаланды
Павлодар облысында медбикеге дөрекілік танытқан тұрғын жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында ағымдағы жылдың басынан бері басқаларға қатысты дөрекілік танытқаны үшін 741 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Ертіс ауданының полициясына 58 жастағы ер адам өтінді. Ол өз арызында сағат 14:05 шамасында 44 жастағы ер адам Ертіс ауылының орталығында бола тұра, оған қатысты балағат сөздер айтып, қоғамдық тəртіпті жəне жеке тұлғалардың тыныштығын бұза отыра, айналасындағыларға сыйламаушылық танытқаны туралы жазған. Полиция ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады, материал аудандық сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Ертіс ауданының полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.
Ертіс аудандық сотымен ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жазаға тартылды.
Тағы бір жағдайда полицияға 22 жастағы медбике өтінді, 34 жастағы ер адам мас күйінде медициналық қызметкерге дөрекілік жіне әдепсіздік білдіре отыра, өз мінез-құлқымен айналасындағыларға сыйламаушылық танытқан. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал аудандық сотқа жолданды.
Сот отырысында ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Ертіс аудандық сотымен ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.