Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мектеп оқушылары және студенттердің қатысуымен есірткіге қарсы форум өтті

Павлодар облысында мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен форум өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тереңкөл ауданында облыстық полиция ведомствосының бастамасымен "Болашақ — есірткісіз!" атты жастар форумы ұйымдастырылды.

Ашық форматта өткен кездесуде жастармен нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттердің адамның болашағына әсері және салауатты өмір салтының маңыздылығы мәселелері талқыланды.

Іс-шара нашақорлыққа қарсы тақырыптағы плакаттар байқауымен басталды. Одан кейін қатысушыларға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты ел заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді. Жастар алдында полиция және прокуратура қызметкерлері, “Amanat” партиясының “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері, сондай-ақ облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Зубайра Матиевна сөз сөйледі.

— Соңғы уақытта жастарды есірткінің заңсыз айналымына, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тарту әрекеттері тіркелуде. Осындай форумдардың өткізілуі ерекше маңызды. Біздің міндет — жастарға есірткіні бір рет қолданудың өзі қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін жеткізу және заңда көзделген жауапкершілікті түсіндіру. Белгілі тұлғалардың қатысуы жастарды спортпен айналысуға, шығармашылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады, — деп атап өтті Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкері Ирина Тимиргалиева.

Осындай іс-шараларды өткізу — елдің жарқын болашағын қалыптастыруға және жастардың құқықтық тәрбиесін нығайтуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру