Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген жүргізушілер анықталды

Павлодар облысында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген жүргізушілер анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Екібастұз — Атығай тас жолында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ автокөліктердің үш жүргізушісін тоқтатты. Тексеру барысында 31-36 жас аралығындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз жүргізген жүргізушілер анықталды.

Полицейлер олардың әрқайсысына мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің болмағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.

"Заң мен Тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру