Павлодар облысында мылтықты заңсыз сақтаған тұрғынға айыппұл салынды
Павлодар облысында мылтықты заңсыз сақтаған тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шаралар барысында Ертіс ауданының полицейлері 57 жастағы ауыл тұрғынынан ИЖ тіркелмеген тегіс ұңғылы Курков бір ұңғылы мылтығы тәркіленді.
– Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген атыс қаруы, зауыттық тәсілмен жасалған және атуға жарамды. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, алып жүргені, тасымалдағаны үшін ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Тәртіп сақшысы ауыл тұрғынының айтуынша, ол мылтықты 2022 жылдың қарашасында мал жаю кезінде тапқанын түсіндірді. Аудандық соттың қаулысымен ер адамға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.