Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында “Наркотест – әр үйге” атты әлеуметтік эксперимент ұйымдастырылды

Павлодар облысында “Наркотест – әр үйге” атты әлеуметтік эксперимент ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың назарын есірткінің заңсыз айналымы мәселесіне аудару, оның зиянын түсіндіру және қауіпті әдеттің алдын алу. Сонымен қатар азаматтардың өз денсаулығына ғана емес, жақындарының саулығына да жауапкершілікпен қарауына ықпал ету көзделді.

Акция барысында облыс тұрғындарына есірткі заттарының бар-жоғын анықтайтын экспресс-тесттен өту ұсынылды. Мұндай тәсіл мәселені ерте кезеңде айқындап қана қоймай, көмекке мұқтаж адамдарға дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ағартушылық сипатқа ие. Яғни ата-аналар, жастар және жалпы қоғам психобелсенді заттарды тұтынудың салдарын жете түсініп, оның алдын алу құралдарына қол жеткізе алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру