Павлодар облысында осы жылы тыныштықты бұзған 4900 адам жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында осы жылы тыныштықты бұзған 4900 адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда түнгі сағат 03:00 шамасында Байзақов көшесі, 137 мекенжайындағы көппәтерлі үйдің тұрғындарынан өтініш келіп түсті. Азаматтар көрші пәтерде қатты шу шығарғанына шағымданды. Полицейлер бұл жерге келгенде, қоңырау шалушының айтқанына көз жеткізді, себебі бұл пәтерде болып жатқан көңілді мереке түн ортасына дейін созылған. Пәтер иесі түсіндіргендей, ол осы кеште қонақтармен бірге туған күнін атап өткен. Бірақ қазір осындай атышулы мереке үшін оған заң бойынша жауап беруге тура келеді.
Сәл кейінірек, сағат 04:46-да ұқсас хабарлама Ломов көшесі, 60-та орналасқан көп қабатты үйден келді. Шақыруға келген полиция қызметкерлері пәтерде шулы компанияны анықтады, олар алкоголь ішіп, қатты музыка қойған.
Шулы пәтердің иелері ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері құқық бұзушылармен түнде тыныштықты сақтау туралы профилактикалық әңгімелер өткізді.