Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Павлодар облысында «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Ефремовка ауылының мектебінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Отбасындағы әйелдің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға Павлодар облыстық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Светлана Шин, Ефремовка ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы Баян Тоқсанбаева және жастар ісі жөніндегі мамандар қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар отбасы институтын нығайту, мәдени құндылықтарды сақтау және дағдарыс жағдайындағы әйелдерге көмек көрсету мәселелерін талқылады. Әсіресе, отбасындағы әйелдің рөлі мен оның ұрпақ тәрбиесіндегі орнына ерекше көңіл бөлінді.

– Іс-шараның шарықтау шегі – мұғалімдер мен оқушылардың отбасылық өмірден көрініс көрсетуі болды. Бұл қойылым ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, олардың өзара түсінісуіндегі қиындықтарды көрнекі түрде бейнеледі. Қатысушылар ата-ана мен бала арасындағы қақтығыстардың кез келген отбасыда кездесетінін атап, оларды шешудің жолдарын талқылады, – деді полиция инспекторы Арина Мусина.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын бірлесе қарастыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру