Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында өз үйіне кіруге талпынған азаматша көршілерінің мазасын алған

Павлодар облысында түнгі тыныштықты бұзған азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат түнгі 24.00-ден кейін үйіне кеш келген қала тұрғыны пәтеріне кіру үшін ұйықтап жатқан отбасы мүшелерін оята алмай, пәтерінің есігін қатты тоқпақтап, барлық көршілерінің мазасын алған.

Ақсу қаласында тып-тыныш ұйықтап жатқан көршілер түн ортасында қатты шудан оянған, олардың көршілердің бірі пәтерінің есігін тоқпақтап, қатты айқай-шу шығарған. Шу жарты сағат бойы тыйылмағандықтан, көршілердің төзімі таусылып, құқық бұзушылық туралы полицияға қоңырау шалған.

– Оқиға орнына келген полицейлер аталған азаматшаны ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. 2021 жылдың қаңтар айында Павлодар облысының 503 тұрғыны тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру