Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицей тұрғынды алаяқтың арбауынан сақтап қалды

Павлодар облысында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғынды алаяқтың арбауынан сақтап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция бөлімшесіне 60 жастағы ер адам хабарласып, өзін ХҚКО қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам телефонына қоңырау шалғанын айтты. Алаяқ одан SMS-кодты айтуды сұраған. Ал жергілікті тұрған бірден кеңес алу үшін полицияға жүгінген.

Тәртіп сақшылары дереу азаматпен кездесті және бұл алаяқтық схемасы екенін түсіндірді. Сондай-ақ ер адамға несиелер мен микроқарыздардан өз еркімен бас тарту жолдарын көрсетті.

Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік инспекторларының жедел әрекеттерінің арқасында қаржылық шығыннан аман қалды.

Полиция қызметкерлері ХҚКО қызметкерлері ешқашан телефон арқылы SMS-кодтарды сұрамайтынын түсіндіріп, тұрғынға алаяқтыққа қарсы жадынама берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру