Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты
Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Айнакөл ауылында қызметтік міндеттерін атқару барысында полиция қызметкерлері таңертеңгі патруль кезінде Бейбітшілік көшесінде Hyundai автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілді.
Ол бірден медициналық куәландыруға жеткізіліп, сараптама нәтижесінде ер адамның мас күйінде болғаны анықталды.
– Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылып, жиналған материалдар сотқа жолданды, – деп атап өтті Ақсу қалалық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақсу өңірінде мас күйінде көлік басқарған 100-ден астам жүргізуші анықталып, жауапкершілікке тартылған.
Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысына барынша жауапкершілікпен қарауға шақырады. Өйткені мұндай құқық бұзушылықтар барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.