Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырған жүргізушілерді анықтады

Павлодар облысында полицейлер жыл басынан бері алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырған 900-ге жуық жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде көлік жүргізу — жол қозғалысының қауіпсіздігіне төнетін ең үлкен қатерлердің бірі. Өкінішке қарай мұндай жағдайлар қайғылы оқиғаларға, тіпті адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін.

2025 жылдың өзінде ғана Павлодар облысында полицейлер алкогольдік ішімдік ішіп рөлге отырған 900-ге жуық жүргізушіні анықтады. Осындай жайттардың бірі жуырда Павлодар қаласындағы Бұқар Жырау көшесінің ауласында тіркелді. Мереке күнінен кейін көлік жүргізуге бел буған мас жүргізушіні тәртіп сақшылары тоқтатты. Ер адамның бойынан анық байқалған алкогольдің иісін жасыру мүмкін болмады. Медициналық сараптама оның мас күйде болғанын растады. Аталған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Мұндай оқиғалардың салдарын елестетудің өзі қорқынышты. Құқық бұзушы тек өз өміріне ғана емес, жолдағы өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді. Мұндай жағдайлардың ең сорақысы — адам өмірінің қиылуы немесе өмір бойы мүгедектікке душар болу.

Осыған орай, полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өз қауіпсіздігін, сондай-ақ айналасындағылардың қауіпсіздігін әрдайым басты назарда ұстауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру