Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер аудандық аурухана ұжымымен кездесті

Павлодар облысында полицейлер аудандық аурухана ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық полиция бөліміне қарасты учаскелік инспекторлар медицина қызметкерлерімен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері туралы ақпарат беру және олардан қорғану жолдарын түсіндіру.

Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторлары заманауи алаяқтық схемаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Полиция қызметкерлері соңғы кезде кең тараған алаяқтық тәсілдерін түсіндірді. Алаяқтар азаматтарды алдау мақсатында жалған сайттар ашады, мессенджерлер арқылы хабарласады, өздерін банк қызметкерлері немесе қауіпсіздік қызметінің өкілдері ретінде таныстырады. Мұндай жағдайда тұрғындарға бөтен адамдарға жеке деректерін, банк картасының нөмірін немесе SMS-кодтарды бермеу қажеттігі ескертілді.

Кездесу барысында полиция өкілдері "дроппер" ұғымын түсіндіріп, оның қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін атап өтті. Дропперлер — өздерінің банк карталары мен есепшоттарын бөтен адамдарға заңсыз ақша аударымдарына пайдалануға беретін тұлғалар. Мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны, яғни дроппер де қылмыстың қатысушысы болып саналатыны ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары медицина қызметкерлерін сақтық шараларын ұстануға, күмәнді хабарламаларға сенбеуге және жеке деректерді қорғауға шақырды.

Полиция қызметкерлері интернеттегі алаяқтық немесе өзге де құқықбұзушылық белгілері байқалған жағдайда 102 нөміріне дереу хабарласу қажеттігін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру