Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер балалармен қауіпсіздік шараларын талқылады

Павлодар облысы Шарбақты ауданында полицейлер балалармен қауіпсіздік шараларын талқылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауданында орналасқан жазғы сауықтыру лагері жаңа маусымын салтанатты түрде ашты. Ашылу шарасына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы қатысып, демалуға келген балаларға арналған қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Полиция инспекторлары балаларға қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер, бейтаныс адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау жөнінде кеңінен баяндап берді. Сонымен қатар суда шомылу, тұрмыстық қауіпсіздік және лагерь аумағынан тыс жерлерде өзін ұстау талаптары туралы маңызды мәліметтерге тоқталды.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары жазғы демалыс – тек тынығу уақыты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздікке сергек қарау кезеңі екенін баса айтты. Балалар полицейлерге түрлі сұрақтар қойып, өмірлік маңызы бар пайдалы кеңестер алды.

Мұндай профилактикалық шаралар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Полицейлердің айтуынша, жазғы кезеңде балалардың амандығы мен қауіпсіздігі – құқық қорғау органдарының басты назарында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру