Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етті

Павлодар облысында полицейлер Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.      

Ұлы қолбасшы, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері батырдың рухына тағзым етті.

Еске алу шарасы батырдың есімімен аталатын көшеде орналасқан мурал жанында өтті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір минут үнсіздік жариялап, оның ерлігі мен Отанға адал қызметіне құрмет көрсетті. Іс-шара аясында жас полиция қызметкерлеріне Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен әскери қызметі, оның борыш, ар-намыс және отансүйгіштік туралы нақыл сөздері айтылды.

Әсіресе бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған "Тәртіп — әскер мен мемлекеттің тірегі", "Ерлік жауапкершіліктен басталады", "Отан үшін отқа түсу — қорқыныш емес", "Жеңісті қару емес, сарбаздың рухы әкеледі", "Рухы мықты халық — жеңілмейді", "Ұлтқа қызмет ету — абыройлы іс" сынды жігерлендіретін сөздері ерекше атап өтілді.

Ұлы батырдың бұл сөздері заң мен халыққа қызмет етудің негізінде жатқан жоғары адамгершілік құндылықтарды тағы бір мәрте еске салды.

– Осындай іс-шараларды өткізу тарихты сақтауға, патриотизмге тәрбиелеуге және ішкі істер органдарының жеке құрамының рухани-адамгершілік бағдарларын нығайтуға ықпал етеді. Бауыржан Момышұлының есімі тарихта қайсар рухтың, ар-намыстың және өз халқына адалдықтың символы ретінде мәңгі сақталады, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру