Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер иесіз жүрген жылқылар мен ірі қара малды анықтады

Павлодар облысында полицейлер иесіз жүрген жылқылар мен ірі қара малды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Атамекен – Курчатов бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдарда түнгі уақытта рейд жүргізіп, иесіз жүрген жылқылар мен ірі қара малды анықтады. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жануарларды жолдан аластатып, арнайы орынға айдап, қауіпсіздік шараларын қолға алды.

Малдарын қараусыз жайғаны үшін Саты ауылындағы екі тұрғын жауапқа тартылып, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция ескертеді: мал иелері жануарларын қараусыз қалдырмауға міндетті. ҚР заңнамасына сәйкес, елді мекендер мен жол бойларында мал жаю арнайы бекітілген тәртіппен жүзеге асырылуы қажет. Иесіз жүрген малдар жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жүргізушілердің және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды мал жаю ережелерін сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру