Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер көп балалы отбасыға көмек көрсетті

Шарбақты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері қарамағындағы көп балалы отбасыға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Шарбақты ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы көп балалы отбасыларындағы мектеп оқушыларына көмек көрсетті.

– Дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында біз көп балалы отбасыларға көмек көрсетеміз, – деді Шарбақты аудандық полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиев. – Бүгін біз Александровка ауылында тұратын Гавриловтар отбасының және Назаровка ауылынан келген Левченколардың отбасында болдық. Левченко отбасында тоғыз бала бар, оның екеуі әлі мектеп оқушылары. Біз балаларға шын ниетімізбен көмектесеміз, балалардың қуанышы мен күлімдеген жүзін көру өте маңызды.

– Біздің балалар өте еңбекқор, шығармашыл, музыкамен әуестенеді. Біз полиция қызметкерлерімен доспыз, олар біздің отбасымызда жиі қонақта болады. Менің балаларым олардың келгендеріне қуанышты, ал бүгін сыйлықтарымен, оқу құралдарымен қуантты, – деп Елена Ивановна жылы лебізін білдірді. – Бізді қорғаушы тәртіп сақшыларына алғысымды білдіремін. Мен оларға денсаулық және қиын да жауапты қызметтеріне сәттілік тілеймін. Отбасылары аман сау болсын, барлығына бақ-береке, сәттілік тілеймін.

Елдос Мұдарисұлы балалармен және Елена Ивановнамен қоштаса отырып, студенттерге оқуда сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру