Павлодар облысында полицейлер көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді талқылады
Павлодар облысында полицейлер көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы мен өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесіп, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орумбаевтың төрағалығымен көші-қон бақылауын ұйымдастыру, құжаттарды заңды ресімдеу және көші-қон саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов өңірдегі қазіргі көші-қон жағдайы туралы баяндады.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Руслан Карымсаков жеке құрамға ҚР ІІМ және облыстық ПД тарапынан құқық қорғау қызметкерлері жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді жеткізді.
– Мұндай іс-шаралардың мақсаты – қызметтік тәртіптің бұзылуын болдырмау, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін және іскерлік қасиеттерін жетілдіру. Азаматтардан заңды сақтауды талап ете отырып, полиция қатарындағы әр қызметкер өзі үлгі болуы тиіс. Қатаң тәртіп, адамға бағытталған қызмет, адалдық – полицейлер тарапынан сақталуы тиіс негізгі қағидаттар, – деп атап өтті құқық қорғау органдары өкілдері.
Сонымен қатар жеке құраммен ҚР заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу бойынша сабақтар өткізілді.
