Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушілерді тоқтатты

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушілерді тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс жолдарын күнделікті патрульдеу мас күйде көлік жүргізу мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр. Бір тәулік ішінде әкімшілік полиция 483 жол ережесін бұзу жағдайын анықтап, 2 мас жүргізушіні ұстады. Олардың бірі көлікті жүргізуге құқығы болмаса да, рөлге отырған.

Сағат 01:25 шамасында патрульдік полиция ротасының экипажы Шідерті кентінің маңында жүрісі күдік тудырған КамАЗ көлігін тоқтатты. Көлік жолда сенімсіз, қауіпті маневр жасап келе жатқандықтан, инспекторлардың назарына іліккен. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден мастықтың белгілері байқалды. Медициналық тексеріс оның шынымен мас екенін растады.

Жүргізушінің көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды. Оған қатысты әкімшілік материал толтырылып, іс сотқа жіберілді.

Тәртіп сақшылары профилактикалық рейдтерді жалғастырып, жүргізушілерді заңды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру