Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні анықтады

Павлодар облысында полицейлер мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Рейд барысында Май ауданында полицейлер мас күйде көлік жүргізген жүргізушіні анықтады. Құқық бұзушылық фактісі медициналық қорытындымен расталды.

Сот шешімімен құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасы тағайындалды.

Полиция мас күйде көлік жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске салады. Алкогольдік мас күйде көлікке отырмаңыз, жол ережелерін сақтаңыз, ауа-райы жағдайын ескеріңіз және көлігіңіздің техникалық жағдайына назар аударыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру