Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мен белсенділер граффити жазбаларын жойды

Павлодар облысында полицейлер мен белсенділер граффити жазбаларын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері полицияға есірткіге қатысты граффитилерді бояп өшіруге көмектесті.

— Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу — басты міндеттердің бірі. Есірткі қылмыстарының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған еріктілер жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде облыс орталығында 300-ден астам волонтер полицияға көмек көрсетіп жүр. Олардың қатарында жастар қозғалыстары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Бірлесіп олар есірткінің таралуы мен жарнамасының алдын алу мақсатында түрлі акциялар өткізуде. Еріктілер велошерулерге, флешмобтар мен челлендждерге қатысады. Олар тыйым салынған жарнамалар мен граффитилерді бояп өшіреді, интернеттегі есірткі сату орындары туралы ақпараттарды жояды, — деп хабарлады Павлодар облысы ПД өкілдері.

Сондай-ақ қаладағы тұрғын аудандардағы көпқабатты үйлердің кіреберістеріне аулааралық аралау жұмыстары ұйымдастырылып, қабырғаларға, гараждар мен өзге де нысандарға салынған жазулар, граффитилер, QR-кодтар мен сілтемелерді анықтау жүргізілуде.

Кеңес мүшелері ойын-сауық орындарын да аралап, мекеме әкімшілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, салауатты өмір салтын насихаттайтын және тыйым салынған заттарды таратпауға шақыратын ақпараттық буклеттер таратты.

Ведомствода атап өткендей, өңір тұрғындары есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы күреске белсенді түрде көмектесуде. Олар күн сайын тыйым салынған заттарды жасырын таратушылар, сатушылар мен тұтынушылар туралы, сондай-ақ заңсыз айналым орындары жайлы хабарлайды.

Полиция азаматтарды балалары мен жақындарына мұқият болуға шақырады. Егер сізде тыйым салынған заттарды сату немесе қолдану туралы ақпарат болса, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру