Павлодар облысында полицейлер мен IT-сала мамандары есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл алгоритмін талқылады
Павлодар облысында полицейлер мен IT-сала мамандары есірткі қылмыстарына қарсы әрекет ету және жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмыс кездесуі облыстық полиция ведомствосында өтті. Қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды заңсыз пайдалана отырып, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
– Ағымдағы жылы өңір аумағында қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып жасалған есірткіге байланысты 126 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Заңсыз айналымнан 4 кг-нан астам жаңа психоактивті заттар алынды. Тек бірге және бірлесіп халықтың есірткіге қарсы саладағы сауаттылығын арттыру қажет. Дәл осы бірлескен күш-жігер есірткі қылмысына неғұрлым тиімді қарсы тұруға ықпал ететін болады, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.
Жұмыс кездесуі аясында полицейлер мен It-сала мамандары тыйым салынған заттарды таратуға маманданған және азаматтарды есірткіні қолдануға да, оларды таратуға да тартуға бағытталған азаматтардың қылмыстық әрекеттеріне ден қою және жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимыл алгоритмін нақты мысалдармен талқылады.