Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер мерекеге орай балаларға экскурсия ұйымдастырды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында тәртіп сақшылары балаларға Ертіс ауданының полиция бөліміне экскурсия ұйымдастырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Экскурсиялық тур акт залынан басталды, онда кадр саясаты жөніндегі инспектор Махаббат Мурсалинова Ғазиз Байтасов туралы айтты. Содан кейін полицейлер балаларға қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқару кезінде полицейлер қолданатын арнайы құралдарды көрсетті. Ұлдар мен қыздар қолдарында соққыға қарсы қалқандар мен резеңке таяқшаларды ұстай алды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жөніндегі инспектор Данияр Қайыржанов балаларды Ричи қызметтік итімен таныстырды.

— Балалар бұл шараға қызығушылық танытты, өйткені бірнеше минут ішінде олар өздерін құқықтық тәртіпті қорғаушылар ретінде сезіне алды және полиция қызметкері өте шыдамды және төзімді адам болуы керек деген қорытындыға келді, - деп атап өтті аудандық кітапхананың кітапханашысы Елена Николаевна.

Осыдан кейін полицейлер балаларға қызметтік көліктерін көрсетіп, балаларға ішінен бәрін көруге және ұстауға мүмкіндік берді. Полицейлер балаларға қарапайым көліктердің қызметтік көліктерден қалай ерекшеленетіні туралы айтып берді.

Экскурсия соңында тәртіп сақшылары балаларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік туралы айтып, жадынама таратып және балаларға көңілді жазғы демалыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру