Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер оқушыларға есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өткізді

Павлодар облысында полицейлер оқушыларға есірткіге қарсы профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кенжекөл ауылындағы орта мектепте есірткі қылмысына қарсы және кәмелетке толмағандар ісі жөнінде ақпараттық кездесу өтті.

Іс-шара жас ұрпақты жеке қауіпсіздік пен құқықтық жауапкершілік мәселелерінде саналы қарым-қатынасқа баулу, сондай-ақ жасөспірімдердің заңсыз әрекеттерге тартылуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Лекция барысында оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына – физикалық және психикалық жағдайына – зиянды әсері, тәуелділіктің тағдырды қалай бұзып, болашақты қалай жоқ ететіні қарапайым және көрнекі түрде түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері сондай-ақ есірткіні тарату схемаларына назар аударып, интернетте жеңіл ақша ретінде насихатталатын осындай әрекеттердің қандай қауіп-қатер тудыратынын түсіндірді.

– Жауапкершілік тақырыбы бөлек блок ретінде қаралды. Оқушыларға заңсыз есірткі айналымына қатысу – жасына немесе ниетіне қарамастан, ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін түсіндірдік. "Мен білмедім" деген сылтау жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі адамға еркіндік бермейді, жеңіл ақша әкелмейді – ол денсаулықты, болашақты және өмірді тартып алады. Бұл жолдағы әр қадам – өзіңді жоғалтуға апарар қадам, – деді Павлодар қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы бөлімінің аға жедел уәкілі Эльмира Сейтахметова.

Ақпаратты қабылдауды жеңілдету үшін оқушыларға тематикалық бейнеролик көрсетілді, онда есірткіге тәуелділіктің қиын салдары нақты бейнеленген.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция аға инспекторы Руслан Сүлейменов әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасөспірімдерді тарту әдістеріне тоқталып, цифрлық сауаттың, қырағы болудығ және интернеттегі қақпандарды ажырата білу қабілетінің маңызын атап өтті.

Іс-шара ашық микрофон форматында аяқталды. Оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып, ойларын бөлісті және мамандардан толық кәсіби жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру