Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер қарт кісіге құжатын реттеуге көмектесті

Павлодар облысында полицейлер қарт кісіге құжатын реттеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Осы хатпен көші-қон қызметінің қызметкерлеріне зор алғысымды білдіргім келеді” осылайша Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиевтің атына келген Валерий Николаевичтің алғыс хаты басталады.

– Барлық құжаттарды өз бетінше жинай алмадым. 2023 жылы көші-қон полициясына жүгінді, Менің өтінішім Захарова Снежанна мен Жүзжасаров Олжасқа тапсырылды, олар менің жеке басымды растау үшін әртүрлі инстанциялар мен мемлекеттерге сауалдар жіберді. Қажырлы еңбектің нәтижесінде мен өзімнің құжатымды аламын, бұл маған толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді. Мен үлкен алғысымды білдіремін. Жоғарыда аталған қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өздерін кәсіби маман ретінде көрсетті, – деп атап өтті екібастұздық.

Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Валерий Николаевич полицияға жүгінді. Өтініш берген кезде оның тек туу туралы куәлігі және 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты болды.
Полицейлердің айтуынша, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар көбінесе ТМД елдерінің бірінің жарамсыз төлқұжаттары, сондай-ақ бұрынғы КСРО төлқұжаттарының иелері. Құжатсыз халықтың басым бөлігі – кәмелетке толмаған кезінде бұрынғы КСРО республикаларынан Қазақстанға көшіп келген адамдар.

Шетелден келген Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігін ресімдеу үшін шет мемлекеттің азаматтығының жоқтығы туралы анықтама немесе бұрынғы тұратын елінен шығарылғанын растайтын құжат қажет болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру