Павлодар облысында полицейлер құқық бұзушыларды жауапқа тартты
Павлодар облысында полицейлер құқық бұзушыларды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу қаласы полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары "Учаске" ЖПШ өткізу шеңберінде аулаларды аралау, күмәнді пәтерлерді, берекесіз отбасыларды, профилактикалық есепте тұрған адамдарды, көңіл көтеретін мекемелерді және т.б. тексеру жүргізді.
Сондай-ақ алаяқтыққа жол бермеу мақсатында азаматтармен әңгімелер жүргізіліп, жадынамалар таратты.
- Іс-шара басталғаннан бері Ақсу өңірінің аумағында алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін 314 азамат жауапқа тартылды. 28 азамат отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін тартылды. Учаскелік инспекторлар СЛПУ-ға мәжбүрлеп емдеуге 9 азамат жолданды,- деп атап өтті Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
