Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер студенттермен кездесті

Павлодар облысында полицейлер студенттерге бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының алаңында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Павлодар облысының полиция қызметкерлері жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттерімен кездесті.

ҚР ІІМ жүйесінің жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын тәртіп пен талаптар туралы түсу емтихандары, қызметтің артықшылықтары және түлектердің болашағы туралы Павлодар облысының ПД ЖҚАЖ инспекторы Бейбіт Жақыпов айтып берді.

- Кадрларды іріктеу – біздің алдымызда тұрған маңызды міндет. Полиция мамандығы беделді және сұранысқа ие, адамнан жоғары шыдамдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Біздің оқу орындары курсанттарға тегін тамақ, киім нысаны, шәкіртақы ұсынады. Жоғары заңгерлік білім алумен қатар, жоғары оқу орындарының түлектеріне "полиция лейтенанты" арнайы атағы және міндетті жұмысқа орналасу бекітіледі. Сонымен қатар оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі, - деді Павлодар облысының ПД ЖҚАЖ инспекторы Бейбіт Жақыпов.

Іс-шаралар еркін форматта өтті. Түлектер қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Іс-шара соңында ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірушілер үшін байланыс деректері бар ақпараттық буклеттер таратылды.

Студенттер полиция қызметкерлеріне осындай кездесулер үшін алғыстарын білдірді, онда пайдалы ақпаратына бірден жауап алуға мүмкіндік бар және алдағы уақытта да осындай диалогтарды жүргізуді жалғастыруға тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру