Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер түнгі рейд барысында жасөспірімдермен әңгімелесті

Павлодар облысында полицейлер түнгі рейд барысында жасөспірімдермен әңгімелесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасып келеді. Солтүстік полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторлары криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың ойын-сауық орындарын түнгі уақытта тексеруде.

– Бұл рейдтердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүріп-тұруына жол бермеу және балалардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың орындалуын бақылау. Әсіресе, жасөспірімдерге қауіп төндіруі мүмкін орындарға — дәмханалар, клубтар мен өзге де көңіл көтеру нысандарына ерекше назар аударылады, – деді Павлодар облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Рейд барысында құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі. Полицейлер жасөспірімдермен олардың әрекеттері қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін талқылайды, заңда көзделген шектеулер мен құқықтар жөнінде мәлімет береді. Сонымен қатар мекеме иелеріне заң талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

Мұндай профилактикалық шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, сонымен қатар жас буынның жауапкершілік сезімін арттыруға, оларды теріс ықпалдан қорғауға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру