Павлодар облысында полицейлер түнгі уақытта бақылауды күшейтті
Павлодар облысында полицейлер түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері өңірде тыныштықты бұзудың 5119 жағдайы тіркелді. Полицейлердің айтуынша, түн ортасында қала тұрғындары шағым түсіреді екен.
Осындай жағдайлардың бірі Назарбаев даңғылының бойындағы көпқабатты үйде болған. Түнгі сағат 01:30 шамасында үй тұрғындары аулада көліктен шыққан қатты музыкаға шағымданған.
Тағы бір оқиғада көпқабатты үйдің тұрғыны көршілердің ескертулерін елемей, 23:00-ден кейін құрылыс заттарын қолдана отырып жөндеу жұмыстарын жалғастырған.
Екі факт бойынша да оқиға орнына келген полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық бойынша құқық бұзушыларды жауапқа тартты.